Йемен жағалауында 30 мигрант қаза тапты

0
107
© AP Photo / Anna Surinyach

Кемінде 30 адам Йемен жағалауындағы теңізге батып кетті.

Миграция бойынша Халықаралық ұйым (ІОМ) таратқан ақпарға сәйкес, Аден қаласына жақын маңдағы бортта 152 мигрант мінген қайық аударылып кеткен. Нәтижесінде, кем дегенде 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

«ІОМ… және босқындар ісі бойынша БҰҰ Жоғары комиссар Басқармасы (UNHCR) Йемендегі Аден жағалауы маңында кемінде 30 мигрант пен босқынның қаза тапқанына күйінді және наразылық білдіреді», – деп келтіріледі мәлімдемеде.

Оқыс оқиғадан аман қалғандар хабарлағандай, Сомали және Эфиопия тұрғындары мінген қайық 23 қаңтар Аден шығанағы арқылы Джибутиге жол тартқан.

«Босқындар мен мигранттарды Джибутиге жеткізбек болған қайықты бәлкім қара ниетті контрабандашылар басқарған болар, олар мигранттар мен босқындарды Джибутиге жеткізу арқылы  көп ақша алуды көздеулері мүмкін», – деп хабарлайды ІОМ.

Ұйым хабарлағандай, кемедегі жолаушыларға оқ ату туралы да хабар жоқ емес.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз