Қазақстан қоғамы және шетелдік трендтер: Хеллоуиннің әсері қандай?

0
9
фото: google

Қазіргі жаһандану кезінде әлемдегі барлық халықтар бір-бірімен тығыз байланыста болып, мәдениет пен мерекелеріне қызығады. Фильм-сериалдардан көретін салт-ғұрыптары мен өмір салтына жастар қызығушылық арта бастады. Олардың бірі- Хеллоуин мерекесі. Осы  мерекенің пайдасы мен зияны қандай, әрі уайымдауға тұрарлық па?

Адамның табиғатына тән құбылыс- ол жаңашылдыққа ұмтылу. Көпшілік үшін шетелдік мерекелер ерекше, қызықты әрі күнделікті өмірден өзгеше болып көрінеді. Бұл әсіресе өзін еркін көрсеткісі келетін жастар арасында кең таралған. Бірақ ұлтымыздың көбі оған қарсы шығады және танымалдығын тоқтатуға сұрайды. Хеллоуин: қызық па, кері әсері бар ма?

Батыс елдеріне тән, тарихы мен мағынасы сол мәдениетке байланысты мереке- ол Хеллоуин. Қазақстанда осы күннің тойлауының оң жақтары бар, мысалы: Жастардың шығармашылығын дамытады, достар арасында қарым-қатынасты нығайтады және көңіл көтеруге, еркін ойлауға мүмкіндік береді. Кері әсерлерге бейім адамдардың ойлауы өзге, мысалы: Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді екінші орынға ысыруы мүмкін деген қаупі, оған қоса қорқынышты образдар балалар психологиясына кері әсер етуі.

Тереңірек зерттесек Қазақстанда оны көбіне ойын-сауық, костюм кию, көңіл көтеру ретінде қабылдайды. Жастарымыз өз мәдениетін және тарихын біле отырып, сыртқы әсерлерге сын көзбен қарауы қажет. 

        “Шетелдің мерекесі қызық болар, ұлттың рухы қымбат болар.”

Аружан Ануарбекова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз