Жасқа қарамайтын – махаббат емес, білім

0
31
1032516536

Көп адамдар «махаббат жасқа қарамайды» деп айтады. Бірақ өмірде жасқа қарамайтын одан да маңызды нәрсе бар. Ол – білім. Білім алу үшін адамның жасы маңызды емес. Адам кез келген уақытта жаңа нәрсе үйрене алады.

Ең алдымен, білім адамды дамытады. Адам білім алған сайын ақылдырақ болып, дүниені жақсы түсіне бастайды. Мысалы, бала мектепте әріп танып, оқуды үйренеді. Ал үлкен адамдар жаңа мамандық меңгеріп, жаңа дағдылар үйрене алады. Сондықтан білім тек жастарға ғана емес, барлық адамға керек.

Сонымен қатар, білім адамның мүмкіндігін арттырады. Қазіргі заманда жаңа технологиялар, жаңа мамандықтар көп. Соларды түсіну үшін адам үнемі оқып, білімін толықтырып отыруы керек. Кейбір адамдар жасы үлкен болса да, жаңа тіл үйреніп немесе жаңа кәсіп бастап жатады. Бұл білімнің жасқа қарамайтынын көрсетеді.

Тағы бір маңызды нәрсе – білім адамға дұрыс ойлауға көмектеседі. Білімді адам өз ойын анық айтып, дұрыс шешім қабылдай алады. Ал білімсіз адамға өмірде қиын болуы мүмкін. Сол себепті халық «Білім – таусылмас қазына» деп айтады.

Қорытындылай айтқанда, білімнің жасы болмайды. Адам қанша жаста болса да, білім алуға мүмкіндігі бар. Ең бастысы – үйренуге деген ниет. Себебі білім – адамды алға жетелейтін ең үлкен күш.

Толғанай Темірханова, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз