Путин АҚШ-тың «Кремль баяндамасына» қатысты пікір білдірді

0
74
TASS

РФ президенті Владимир Путин АҚШ-тың «Кремль баяндамасын» сынға алды. Путиннің пікірінше, санкцияға қатысты ықтимал мақсатты тізімге Ресейдің 210 саясаткері мен кәсіпкері ғана емес, 140 миллион ресейлік  енді. Бірақ, ешқандай жауап шаралары болмайтынына Путин уәде берді.

«Кремль баяндамасын» жариялау туралы Путин Мәскеуде президентікке үміткер ретінде қатысқан сенімді тұлғаларымен кездесу барысында талқылады. BBC орыс редакциясы таратқан ақпарға сәйкес, кездесу барысында Ресей президенті әркімнің көбірек «өзін ойлағаны» жөн екенін алға тартып, экономикамен айналысып, ауыл шаруашылығын, денсаулық сақтау саласын дамыту, елдің қорғаныс қабілетін мықтау қажеттігі туралы кеңес берді. «Танымал қағидаға сүйенемін: ит үреді, керуен көшеді», – деп атап өтті Путин.

Сейсенбіде АҚШ жариялаған «Кремль тізіміне» Ресейдің 210 саясаткері, шенеуніктері мен кәсіпкерлері, президент әкімшілігінің 40 тұлғасы және үкімет мүшелері енді. Тізімде Үкімет басшысы Дмитрий Медведев те бар. Путин тізімде жоқ.

Путиннің мәлімдеуінше, Ресей бұл жағдайда Вашингтонның әрекетіне жауап бермейді, Вашингтонмен ынтымақтасуға, атап айтқанда лаңкестікпен күресте екіжақты қарым-қатынас жасауға әзір.

«Біз бұл тізімді күттік – мен оны жасырмаймын, қарым-қатынасымызды нөлге  түсіретін қатаң жауап шараларын қабылдауға біз әзір едік. Дегенмен, әзірге, бұл қадамнан қалыс қаламыз»,

– дейді Ресей басшы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз