Африннің 400 мыңнан астам тұрғыны босып кетті

0
49
фото: Amnesty International

Түрік қарулы күштері «Зәйтүн сабағы» операциясын бастағалы Сирияның Африн аймағынан 400 мыңнан астам тұрған босып кетті, деп хабарлайды «Российская газета» басылымы.

Бейбітшілік, қамқорлық және көмек көрсету мәселелері бойынша халықаралық ұйымның (ағл: IOPCR – International Organization For Peace Care and Relief) өкілі Регер Вахидке сілтеме жасаған басылым 120 мыңға жуық тұрғынның Алеппо және Манбидж өңіріне кеткенін, ал 10 мыңға жуық азаматтың Небел мен аз-Захраа елді-мекендеріне қоныс аударғанын нақтылады.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Анкара мен сириялық күрдтер арасындағы жанжал осы күні қарулы қақтығыстарға ұласып отыр.

Түркия билігі 20 қаңтар күні Африн аймағында «Зәйтүн сабағы» операцияларының басталғанын жариялаған болатын. Анкара «Халықтық қорғаныс күштері» мен «Демократиялық бірлік» партиясының жасақтарын талқандамақшы. Операцияның басты мақсаты – түрік шекарасына дейінгі 30 шақырымдық аумақта «қауіпсіздік аймағын» құру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз