Кадрлық ауыс-түйіс

0
269

7 ақпан Республикада Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар жаңа тағайындаулар болды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылып, оның орнына Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Елбасының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз