Елбасы латын әліпбиіндегі кемшіліктерді сынға алды

0
89

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгінгі үкімет отырысында латын әліпбиіндегі кемшіліктер туралы мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында

«Рухани жаңғыру» бойынша көп жұмыс атқарылды. Жаңа латын әліпбиі қабылданды. Ең соңғы өзгерістерді мен кеше көрдім. «І» деген әріп бар қазақта, іні деген сияқты. Ол – латында да бар әріп. Сол «і-ні» і деп қалдыру ұсынылып жатыр қазір. Ағылшын тілінде біздің «е» «и» деп оқылады. Ойланайық. (…) Кезең-кезеңімен, ақырына дейін жеткізіп, түбегейлі шешім қабылдап, реттеп енгізуді бастауымыз керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болуы тиіс»,

– деген пікір білдірді.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз