Мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айтты

0
68
дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге  Мәскеу түбінде Ан-148 маркалы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

«Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, 11 ақпан Мәскеу түбінде Ан-148 маркалы ұшағы апатқа ұшырады. Мәскеуден Орынбор облысы Ор қаласына бағыт алған жолаушылар ұшағында 6 экипаж мүшесін қосқанда 71 адам болған. Алғаш келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, әуе көлігінде ешкім тірі қалмаған.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз