14 ақпан АҚШ-тың Флорида штатындағы Паркленд қалашығында 17 адам қаза тапты. Шамамен 50 адам жарақат алған.
CNN таратқан ақпарға сәйкес, аймақ басшысы атыстың құрбандары мектеп оқушылары мен өзге де ересек адамдар деп мәлімдеген. Жергілікті полицияның мәлімдемесіне сәйкес, қылмысты жасаған 19 жастағы Николас Круз.
Николас өзі бұрын оқыған мектепке (Круз өткен жылы «тәртібіне» байланысты мектептен шығарылған. Оны оқушылар үшін «қауіпті» деп атаған. Оқушылар оның қарумен жарақтанғанын айтқан) қарумен кіріп, жолында кезіккендердің бәріне оқ атқан. Ол АR-15 бірнеше оқ салғышы бар жарты автоматты мылтықпен қаруланған.
Кейбір оқушылар Круздың өрт сөндіру тетігін іске қосып, кейіннен дәлізде жүгіріп, сыныптағы, далаға қашқан оқушыларға оқ бағыттағанын айтады.
Полицейлер мен арнайы жасақ күдіктіні атыс басталғаннан кейін екі сағаттан соң құрықтаған. Қазір күдікті қамауға алынды.