Путин туралы жалған сөйлеген министр отставкаға кетті

0
63
Soeren Stache/dpa/Globallookpress

Нидерланды сыртқы істер министрі 2006 жылы РФ президенті Владимир Путинмен кездестім деп жалған сөйлеген Халбе Зейлстр отставкаға кетті.

Reuters таратқан ақпарға сәйкес, министр өзінің аталған шешімін дақ түскен даңқымен жұмыс істей алмайтындығымен түсіндірді.

Жақында баспасөзде жарияланғандай, Зейлстр Путиннің Украина, Белоруссия, Қазақстан және Балтық елдері құрамында болатын «ұлы Ресей» державасын құрғысы келетіндігін мүмкін айтқан  кездесулерде болмағанын мойындады. Сол сәтте Ресей президенті өз жекежайында халықаралық бизнес өкілдерімен кездесу өткізген. Зейлстрдің айтуынша, ол аталған кездесуге Shell мұнай-газ компаниясының қызметкері ретінде қатысқан.

Министрдің сөзінше, бұл әңгіме шындығында өрбіген, дегенмен, Зейлстр өзі сол сәтте қызмет істеген Shell компаниясының қайнар көзі мен бизнесіне қауіп төндірмеу үшін оқиғаны өз атынан жариялаған. Бұдан өзге Зейлстр кездесу сәтінде көрші бөлмеде болғандығын әрі мұндай әңгімені Путинмен сол сәтте сұхбат құрғандардың біреуінен естігенін мойындаған.

Нидерландыдағы Ресей елшілігі министрдің жалған айтқаны туралы пікір білдіріп, Ресей ешбір мемлекет өз қауіпсіздігін өзге елдің есебінен нығайтуға тиіс еместігін мәлімдейтіні, РФ президенті бұған дейін де Атланттан Тынық мұхитына дейін біртекті экономикалық және гуманитарлық кеңістік құру туралы айтқандығын хабарлайды.

Ал өз кезегінде Shell нидерланды-британдық мұнайгаз компаниясының бұрынғы басшысы Йерун ван дер Вир  Ресей басшымен 2006 жылы оның жекежайында кездескені туралы әңгімені Зейлстрге өзі айтқанын мәлімдеді. Кәсіпкер Путинмен Зейлстр емес, өзі кездескенін нақтылады. Shell компаниясының бұрынғы басшысы Ресей президентінің сөзін “басқындық мағынада”  жеткізгісі келмегендігін түсіндірген.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз