Президент Нұрсұлтан Назарбаев ССТV қытай телеарнасына сұхбат беру барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынас, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы өзара ықпалдар мен қатынастарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сұхбаттың толық нұсқасын «Хабар 24» жариялады.
Бұдан өзге сұхбат барысында мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ ҚК-гі (Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі) басымдықтарын айқындап, ШЫҰ-ны (Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы) дамытудағы өз көзқарастарымен бөлісті.
Президент аймақтағы тұрақтылықты сақтау мен лаңкестікпен күресте қос елдің мемлекет аралық ынтымақтастығын нығайту турасында да сөз қозғады.