Шығыс Гута Сирия үкіметі күштері жасаған шабуыл салдарынан ауруханалар зардап шегуде деп мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) таратқан ақпарға сәйкес, екі тәулік ішінде Дамаск маңында бүлікшілердің басқаруындағы ірі дүрбелең салдарынан алты медициналық мекеме шабуылға ұшыраған.
АҚШ айыптады
АҚШ бейсенбіде Шығыс Гутадағы қайғылы жағдайға Мәскеу мен Дамаскті айыптады. Ақ Үй медициналық ғимараттарды жоюды мақсатты түрде жасалған әрекет деп атады, Ресей, Түркия және Иранды (Сирия мәселесі бойынша кепіл елдер) «деэскалация аймақтарына қатысты міндеттерін» орындауға шақырды.
Өз кезегінде Мәскеу айыптауларға наразылық танытып, Шығыс Гутадағы бейбітшілікті тұрақтандыру үрдісіне шабуыл жасалған аймақтардан бейбіт тұрғындардың шығып кетуіне жол бермей, Дамаскті бомбалап жатқан діни радикалдардың кедергі келтіргенін алға тартады, деп жазады Euronews.
Жұмысын тоқтатқан Шығыс Гутадағы Әл-Шифа емханасы 4 рет бомбаланған, аурухана істен шықты деп мәлімдейді емхана қызметкерлерінің бірі.
Сәрсенбіде Ресей Шығыс Гутаға қатысты БҰҰ ҚК-ін (Қауіпсіздік Кеңесі) шұғыл жиын өткізуге шақырды.
Шығыс Гута 2014 жылдан бері оппозициялық ұйымдар қарамағанда (соның ішінде діни радикалды «Джейш-әл Ислам», «Джебхат Фатх аш-Шам» ). Аумақта “Хайят Тахрир әл-Шам” жихадшылар альянсының да ықпалы бар. Сирия билігі аталған ұйымдарды Дамаскке шабуыл жасауда айыптады.
БҰҰ таратқан ақпарға сәйкес, Шығыс Гутада қоршауда 400 000 адам бар.