Макроннан Ердоғанға Афринге қатысты ескерту

0
57

Франция және Түркия басшылары Сириядағы ахуалды телефон арқылы талқыға салды. Онда Макрон Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соғыс әрекеттерін тоқтатуға байланысты қарары Афринге де қатысы бар екенін еске салды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Франция президенті Түркия президентімен Сирия аймағындағы мәселелерді талқылау барысында: «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары шабуыл әрекеттері жүргізіліп жатқан барлық Сирия аумағын қамтиды», – деп ескертті.

Өз кезегінде Түркия басшысы: «Мен Макрон мырзаның бұл мәселе бойынша алаңдаушылығын түсінемін, сондықтан алаңдаушылық себебімен берген ескертулерін назарға алдым … Біз Сирия мәселесінің барысын Франциямен бірге қадағалаймыз», – деді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары мен Халықаралық қоғамдық қауымдастықтың қарсылығына қарамастан Сирия әскері бүлікшілердің қарамағындағы Шығыс Ғұтада қарқынды шабуыл әрекеттерін жалғастыруда.

«Сириядағы адам құқығын қорғау бақылау кеңесінің» мәліметіне сәйкес, Ғұтада бір апта ішінде 500-ден астам адам қаза тапқан. Кеше Франция мен Германия Кремльден Сирия басшылығына шабуыл әрекеттерін тоқтатуға әсер етуін сұрап өтініш білдірген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз