8 наурызда Италияның әйелдер қауымы орталық алаңға ереуілге шықты. Нәзік жандылардың мереке қарсаңында жаппай наразылық көрсетуінің басты себебі – гендерлік зорлық-зомбылық.
Халықаралық әйелдер күнінде Рим және Милан қалаларының мыңдаған арулары теңсіздік пен әлеуметтік тұрғыдағы өзге де кемшіліктерге наразылық танытты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Наразылық шеруінің салдарынан Рим және Милан университеттері мен мектептерінде сабақтар мен көлік қозғалысы тоқтатылды.
Еске салайық, соңғы 70 жылда Италияда әйелдер сайлауда дауыс беру құқығына, ажырасу еркіне, түсік жасатуға және өз тегінде қалу мүмкіндіктеріне қол жеткізген.