Араб Лигасының Иерусалимге қатысты шешімі

0
128
дереккөзден

Каирда өткен Араб елдері Лигасы сыртқы істер министрлері басшыларының кездесуінде палестина-израиль кикілжінің реттеу бойынша Палестина ұлттық автономиясы президентінің жоспары мақұлданып, лига елдері Иерусалимді Палестина астанасы деп мойындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 7 наурызда АР агенттігі хабарлайды.

Египеттің бұрынғы сыртқы істер министрі, Араб Лигасы елдері басшысы Ахмед Абул Гейт өз мәлімдемесінде Араб Лигасы елдері АҚШ-тың өз елшілігін Тел-Авивтан Иерусалимге көшіру туралы заңсыз әрі қауіпті шешімінің жағымсыз салдарына қарсы тұру үшін бірлескен шешім қабылдады, деп келтіреді агенттік.

Еске салсақ, 2017 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитын шешімін жариялаған еді. Трамп Мемлекеттік департаментке АҚШ елшілігін Тел-Авивтан Иерусалимге көшіру туралы тапсырма берді. Трамптың аталған шешімі әлемдік кеңістікте үлкен резонанс тудырып, Иерусалим мен Палестина автономиясы аумағында шиеленістер тудырды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз