Ш. Мирзиёев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келді

0
114
ca-news

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 9 наурыз таңертең алғаш рет Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келді.Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ca-news

Душанбедегі халықаралық әуежайда Ш.Мирзиёевті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, ел үкіметі мүшелері ресми күтіп алды.

Бұл Ш.Мирзиёевтің Тәжікстанға жасаған алғашқы сапары. Ал өз кезегінде Тәжікстан президенті Э. Рахмон Өзбекстанда мемлекеттік сапармен 1998 жылы болды.

Мемлекеттік сапар барысында шамамен үш жүз құжатқа қол қою жоспарланған (оның ішінде визалық режимді жеңілдету, мемлекеттік шекараға қатысты құжаттар да бар). Сондай-ақ 140 миллион доллар көлемінде келісімшарт жасасу да жоспарланған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз