Қытай ұлттық валютасы юаньді өз экономикасының және қаржы нарығының сыртқы әлемге ашықтығын арттыру үшін халықаралық валютаға айналдыруға ниетті. Бұл туралы журналистерге елдің Ұлттық банк басшысы Чжоу Сяочуань мәлімдеді, деп жазады РБК.
Қытай Ұлттық банкі басшысының мәлімдеуінше, Бейжің ашықтық саясатын әрі қарай да жалғастыруға ниетті әрі шетелдегі өз қаржылық инстиуттарын дамытпақ, сондай-ақ шетелдік несие мекемелерін осы сектордағы бәсекелестікті жақсартуға шақырды. Сяочуань өз сөзінде ұлттық валюта юаньді халықаралық валюта құралына айналдыру басты фактор екенін атап, юаньді халықаралық валютаға айналдыру Қытайдың барлық қаржылық секторының ашықтығына жағдай жасайтынын алға тартты.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, юаньді сауда мен инвестицияда қолдану үшін қажетті шаралар қолданылған. Бұдан өзге юань SDR валюталар қоржынына енгізілген.