Қабылда лаңкестік жарылыс:

0
90
дереккөзден

Қабылда жұма күні шиит мешітінің маңында болған лаңкестік жарылыс салдарынан тоғыз адам көз жұмды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Алдын ала берілген мәліметтерге сәйкес, лаңкес мешіт маңындағы тәртіп сақшыларының тексерісі барысында өзін-өзі жарып жіберген. Ол Ауған шииттерінің бұрынғы басшысы Абдулла Али Мазаридің дүниеден озғанына жыл толуына орай еске алу шарасына кірмек болған.

Тоғыз адамның өмірін жалмаған лаңкестік жарылысты ИШИМ террорлық ұйымы өз жауапкершілігіне алды.

Ирактағы жеңілістен кейін Ауғанстан ИШИМ лаңкестік ұйымының басты назарына ілікті. Аталған террорлық ұйым Орталық Азияғы ықпалын тигізу үшін Ауғанстанды басты нысанға алмақ. Қазіргі уақытта сарапшылар «Талибан» лаңкестік ұйымы мен ИШИМ-нің бәсекелестігінің артуына алаңдаушылық танытуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз