“Непалдағы әуе апатынан кем дегенде 50 адам қаза тапты”

0
123
12 наурыз 2018 жыл, ұшақтың құлаған жері/AFP

12 наурыз Непалда болған әуе апаты салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тапты. US-Bangla Airlines әуе компаниясының BS211 рейсі Даккадан Катмандуға бағыт алған. Бортта 4 экипаж мүшесі және 67 жолаушы: 32 жолаушы Бангладештен, 33 жолаушы Непалдан және Қытайдан, Мальдивтан бір азаматтан болған. Бұл туралы Катманду халықаралық әуежайының өкілі хабарлады.

Әуежай өкілі жарақат алған 20-ға жуық азаматтың ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, жерге екпіндеп қонған ұшақ, өртенген. Апат себебі, әуежай қызметкерлерінің айтуынша, техникалық ақаулар болуы әбден мүмкін.

Трибхуван атындағы әуежай әзірге жабық.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз