“Зәйтүн сабағы” Африннің шетіне жетті

0
88
дереккөзден

Күрдтерден құралған «Халық қорғаныс әскеріне» қарсы күресіп жатқан түрік әскері мен «Еркін Сирия әскері» Африн қаласының шетіне жетті. Бақылаушылар күрд қорғанысының құлдырап жатқанын айтады.

Өткен аптада Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы түрік әскері Африндегі опреацияны мамыр айына дейін аяқтайды деп мәлімдеді, деп жазады Euronews.

Бұған дейін ресми Анкара «Халық қорғаныс әскерін» Күрдістан жұмыс партиясымен жақын қарым-қатынасы бар лаңкестік ұйым деп айыптады.

Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африн аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді.

Түрік шабуылдарынан бас сауғалаған бейбіт тұрғындар Афринді тастап көшуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз