Өзбекстан еңбек көші-қонын кеңейтеді

0
69
/дереккөзден

Өзбекстан Алмания, Қазақстан, Оман Сұлтандығына еңбек мигранттарын ұйымдасқан түрде жіберу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Ішкі еңбек көші-қон агенттігі басшысы Равшан Ибрагимовтың айтуынша, Өзбекстан еңбек көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастық географиясын бірте-бірте кеңейтіп келеді. Р. Ибрагимов бұған дейін ұйымдасқан жинақтар Оңтүстік Корея, Ресей, Жапония және Польшамен өткізілгенін мәлімдеді. Енді еңбек көші-қоны бойынша ынтымақтастық БАӘ-мен жүзеге асырылмақ. Ендігі еңбек көші-қон аясында ынтымақтастық орнату Алмания, Қазақстан және Оман Сұлтандығымен жүзеге асырылмақ, дейді агенттік басшысы.

Осы дүйсенбіде өзбек еңбек мигранттарын Түркияға алғаш рет ұйымдасқан түрде жіберетін құжаттарға қол қойылды. Бұдан өзге агенттік осы жылы 50 мыңнан аса еңбек мигранттарын Ресейге жіберуге ниетті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз