Атырау облысындағы Қашаған теңіз кен орнында «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» компаниясы алты млн тонна мұнай өндірді.
«2016 жылғы 28 қыркүйекте НКОК А аралында алғашқы ұңғымаларды қайта ашты. Осы кезеңде компания 6 млн тонна мұнай өндірді.
Қызмет көрсетудегі сенімділікті көрсететін жүйенің жүктемесі болжамды мәннен асып түседі. Мұнаймен қатар, Қашаған кен орнында өндірістік қуаттарды пайдалану кезінде 1,7 млрд. текше метрден астам газ өндірілді, бұл «ҚазТрансГаз» құбыр жүйесі арқылы экспортқа шығарылды» деп мәлімдейді “Қазақпарат” тілшісіне берген сұхбатында компанияның баспасөз қызметі.