2008-2018 жылдары Ирандағы ірі лаңкестік шабуылдар

0
220

2018 жыл

22 қыркүйекте Иранның Ахваз қаласында әскери шеру кезінде лаңкестік шабуыл жасалды. Исламдық революциялық гвардия корпусының кемінде сегіз сарбазы лаңкестік шабуылдың құрбаны болды.  Тағы жеті адам жарақат алған. Қауіпсіздік күштері оқиға орнында екі лаңкестің көзін жойды.

2017 жыл

7 шілдеде Тегеранда парламент ғимаратына қарулы адамдар тобы шабуыл жасады. Бұл лаңкестік әрекеттің ізін суытпай Хомейни кесенесінде 17 адам қаза тауып 43 адам жарақаттанған лаңкестік жарылыс болды.

2010 жыл

15 желтоқсан күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар, Систан провинциялары мен Балучистан қаласындағы террористік шабуылдан ондаған адам қаза тапты.

Лаңкестер 22 қыркүйекте Махабад қаласының Әзербайжан провинциясында әскери шеру кезінде  шабуыл жасады. Шеруге қатысушы халық арасына тасталынған жарылғыш заттан 12 адам көз жұмып, 80 адам жапа шеккен.

2009 жыл

18 қазан күні Сарбаз қаласының Систан және Белуджистан провинцияларында, өзін-өзі жарып жіберген лаңкестік шабуыл салдарынан 57 адам қаза тауып, 150 адам жарақат алды.

28 мамыр күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласында орналасқан Амир аль-Моменин мешітінде жарылыс болып25 адам қаза тапты. 120-дан астам адам зардап шеккен.

2008 жыл

12 сәуір күні Шираз қаласының (Иранның оңтүстігіндегі Фарс провинциясының әкімшілік орталығы) діни-мәдени орталығында жарылыстан 14 адам қаза тауып, 202 адам түрлі деңгейдегі ауыр жарақат алды. Тегеран бұл жарылысты террористер жүзеге асырған деп мәлімдегенімен ешбір ұйым өз мойнына алмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз