Иранда жарылыстан 41 әскери қызметкер қаза тапты

0
143

Иранның оңтүстік-шығысында болған лаңкестік жарылыстан 41 әскери қызметкер қаза тапты. Тағы 20-дан астам адам жарақаттанған.

Ресми мәліметтерге сәйкес ислам революциялық қорғау корпусының көлігіне лаңкестер шабуыл жасаған.

Жарылысты “Джейш аль-Адль” экстремистік ұйымы өз жауапкершілігіне алды.


“Джейш аль-Адль” экстремистік ұйымы 2012 жылы Иран мен көрші Пәкістандағы бұрынғы “Джундуллах” ұйымының мүшелері мен ирандық бүлікші ұйым тарапынан құрылған.

Ал “Джундуллах” ұйымына келсек Тегеранның ресми мәліметтеріне сәйкес ұйым Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның арнайы қызметтерімен тікелей байланысты. Иран үкіметі “Джундуллах” ұйымын елде жаппай адам өлтіру, тонау, адам ұрлау, ұрлық-қарлық пен түрлі жарылыстар ұйымдастырды деп айыптайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз