Ирандағы наразылықта құрбандар саны артуда

0
68
дереккөзден

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Ирандағы көтерілістен тағы да тоғыз адам қаза тапты, көтерілістен қаза тапқандардың жалпы саны 20 адамға жетті.

Иран билігі елдің кейбір қалаларында наразылық білдірушілердің муниципалды ғимараттар мен банктерге шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.

Дегенмен, бұл ақпаратты Ислам Республикасындағы қозғалыстардың шектелуіне байланысты тексеру қиындық тудырды.

Неджефабад қаласында ереуілдеушілер полиция қызметкерлерін аңшы мылтығымен атып, үш полиция қызметкерін жаралаған, деп хабарлайды Reuters жергілікті полиция қызметкерлеріне сілтеме жасап.

Доруда қаласындағы екі ереуілдеушінің өлтірілуіне қауіпсіздік қызметкерлерінің қатысы бар деген ақпаратты Тегеран билігі жоққа шығарып, «шетелдік агенттерді» арандатушылықта айыптауда. Биліктің мәлімдеуінше, әлдекімдер наразылық акциясына келіп, қаптаған топ пен жергілікті әкімдікте жаппай тәртіп бұзушылық жасаған.

Көшеде орын алған тәртіпсіздіктер кесірінен Иранда 20-ға жуық адам қаза тауып, он шақты адам тұтқынға алынған.

Соңғы ақпарат бойынша, сейсенбіге қараған түні Исфахан ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде тоғыз адам қаза тапқан.

Ел президенті Хасан Руханидің айтуынша, жаппай наразылық акциялары «Иран халқының табысы мен прогрессіне көңілі толмаған» басқа шет мемлекеттердің араласуымен туындаған. Бұдан өзге Х. Рухани наразылықтардың «елдегі ең түбегейлі мәселелерді шешу үшін қолданылуы керектігін» атап өтті.

Еске салсақ, өткен бейсенбі халықаралық санкциялардың қатаңдатылуы негізінде бағалардың өсуі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылық акциялары белең алды. Мешхедте бастау алған акциялар Иранның басқа қалаларында да жалғасын тапты. Сонымен қатар қазіргі билікті қолдау мақсатында елде мыңдаған демонстрация өткізілді.

Бұған дейін Иран үкімеінің елдегі наразылық акцияларына байланысты бірқатар сайттарды бұғаттағаны жайлы ақпарат таралған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз