Сәтсіз сынақ: Солтүстік Кореялық зымыран өз аумағында құлады

0
77

Солтүстік Кореяның 2017 жылдың 29 сәуірінде жасаған баллистикалық зымыран сынағы сәтсіз аяқталды. Сынақ жүргізілген зымыран 4 қаңтар күні Солтүстік Кореяның Токчхон қаласына құлады.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Пхенан-Намдо провинциясына қарасты 237 мың адам тұратын Токчхон қаласына құлаған «Хвасон-12» баллистикалық зымыраны қаладағы өнеркәсіптік және ауылшаруашылық ғимараттарға орасан залалын тигізді.

Баллистикалық зымыран әуеге 70 шақырымдай қашықтықта ұшып 1 минуттан аспай жерге қайта құлаған.

Ұшу уақытының аздығына қарамастан жарылыс ауқымды күшке ие болуы мүмкін. Жергілікті масс-медиа адам шығынының болу ықтималдығын да хабарлаған.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың ақпан айында Солтүстік Корея Кванмёнсон ракета тасығышын ұшыруды сәтті аяқтағанын жариялағаннан кейін әлемде бұл қадам баллистикалық зымыран сынағы ретінде қарастырылып, БҰҰ Пхеньянға санкциялар жариялаған болатын. Осыдан кейін Солтүстік Корея бірқатар ядролық және зымырандық сынақтар жүргізгеннен кейін Корей түбегіндегі жағдай ушыға түскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз