Пхеньян Сеулмен келіссөз жүргізуге әзір

0
175

КХДР Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге келісті. Тараптар Солтүстік Корея командасының Пхенчхан қаласында өтетін Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін талқылайтын болады, деп хабарлайды Euronews.

9-қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік Корея Панмунжом шекарасында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізеді. Пхеньян Сеулдің тиісті ұсынысын қабылдағаны туралы жұма күні Оңтүстік Кореяның Бірлестік министрлігінде хабарлады. АҚШ президенті Дональд Трамп екі мемлекеттің келіссөз орнату идеясын мақұлдаған болса, Пентагон Оңтүстік Кореямен бірге Олимпиада кезінде жоспарланған бірлескен жаттығуларды кейінге шегергенін жариялады.

Келіссөзде Пхенччхандағы Қысқы Олимпиада ойындарына КХДР командасының қатысу мүмкіндігі туралы талқыланады. Соңғы рет Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның спортшыларын 2014 жылы қабылдаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз