Мұз басқан Ниагара жалт-жұлт етеді

0
143

Солтүстік полюстен соққан суық ауаның салдарынан Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) солтүстік-шығыс аймағын қар басты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, “Bomb cyclone” немесе «жарылғыш циклон» деп атаған полюстан ығысқан суықтың әсерінен АҚШ пен Канада шекарасында орналасқан Ниагара сарқырамасы қатып қалды.

Сарқырама соңғы рет 2014 жылы толықтай қатып қала жаздаған болатын.

Күннің суығы мен жердің тайғақтығына қарамастан, Ниагараға келушілердің қарасы толастар емес.

Қар басып, мұз қатқаннан пайда болған керемет көріністі тамашалау үшін мыңдаған турист ағылып келіп жатыр.

CNN агенттігінің теңеуі бойынша, сарқыраманы қатырған қақаған аяз Ниагараны айналасы жалт-жұлт еткен жұмаққа айналдырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз