Еуроодақ Пхеньянға қарсы санкцияларды кеңейтті

0
67
дереккөзден

Корей Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын жүзеге асыру шеңберінде Еуропалық Одақ (ЕО) Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды кеңейтті. Бұл туралы тиісті мәлімдемеде айтылған, деп жазады RT.

Санкция тізіміне 16 жеке тұлға мен Солтүстік Кореяның әскер ісі бойынша министрі енген.

ЕО жаңа сакнцияларды ескере отырып, БҰҰ санкциясының жаңа тізімінде 79 жеке тұлға мен 54 ұйым бар екенін мәлімдеді.

Атап өтерлігі, 16 қазанда ЕО КХДР-ға қарсы жаңа шектеу шараларын енгізуді шешкен еді.

Өз кезегінде Пхеньян ЕО-ның Солтүстік Кореяға қатысты санкцияларын заңсыз деп атады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз