КХДР 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жоғары деңгейлі делегация жібереді

0
69
дереккөзден

Солтүстік Корея жоғары деңгейдегі делегациясын, сондай-ақ өз музыканттары мен бишілерін келесі айда Пхёнчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына жібереді. Бұл туралы Рёнхап агенттігі жазады.

Сейсенбі күні Пханмунджом шекара бекетінде Сеул мен Пхеньян арасында министрлер деңгейінде соңғы екі жылда алғаш рет өткен келіссөздер барысында келісімге қол жеткізілді.

Сеул ақпарат көзінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея 1950-1953 жж. Корея соғысы нәтижесінде бөлінген отбасылардың бірігуін талқылауды ұсынды.

Жауап ретінде Солтүстік Корея Олимпиада ойындарына жоғары деңгейлі делегация, сонымен қатар бишілер мен музыканттар және таэквандо бойынша демонстрациялық топ жіберетіндерін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз