Калифорниядағы табиғи апат: 20 адам құрбан болды

0
154
дереккөзден

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Калифорния штатында болған көшкін және су тасқыны салдарынан құрбандар саны 20 адамға жетті, 4 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында, 30 адам жараланған.

Euronews ұсынған ақпарға сәйкес, 70-ке жуық үй қирап, 500-ге жуық тұрғын үйлер зардап шеккен, кейбір аудандарда тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Апат салдарын жоюға 2000-нан астам адам жұмылдырылды.

Оңтүстік Калифорниядағы жауын-шашын бір апта бұрын басталып, қатарынан бірнеше күн толассыз жауған, салдарынан су тасқыны орын алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз