Бағдадтағы лаңкестік әрекет: 100 адам зардап шекті

0
75
дереккөзден

100-ге жуық адам Бағдадтың орталығында болған екі лаңкестік әрекет салдарынан зардап шекті. Бұл туралы РИА Новости жазады.

Бұған дейін дүйсенбі болған лаңкестік әрекеттен 26 адам қаза тапқаны туралы ақпарат жарияланған еді.

Дереккөз таратқан ақпарға сәйкес, жанкештілер жасаған (лаңкестердің мақсаты Бағдадтың орталығында орналасқан Тайран алаңы аумағындағы жұмыскерлер тобы) қос жарылыс нәтижесінде 26 адам қаза тауып, 95 кісі жараланған.

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Ирак Ішкі істер министрлігі бұған дейін лаңкестік әрекетті дүйсенбі күні қос жанкешті жарылғыш заты бар белдіктерді қолданып жасағанын, лаңкестік әрекет салдарынан 16 адам қаза тауып, 65 жараланғанын атаған еді.

Лаңкестік әрекетті әзірге бірде-бір лаңкестік ұйым жауапкершілігіне алмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз