ЕО офшорлық қара тізімнен 8 мемлекетті шығарады

0
82
дереккөзден

Сейсенбі күні өткен Еуроодақтың экономика және қаржы министрлерінің кеңесінде сегіз елдің салық жинау органдарын «қара тізімнен» шығару күтілуде, отырыс материалдары бұған куәлік етеді, деп жазады Reuters.

Reuters таратқан  ақпарға сәйкес, Еуроодақ оффшорлық қара тізімнен Панама, Оңтүстік Корея, БАӘ, Барбадос, Гренада, Макао, Моңғолия, Тунисті шығаруы мүмкін.

Аталған тізімде тоғыз ел, оның ішінде Бахрейн, Намибия, Маршалл аралдары, Тринидад және Тобаго қалады. 

Сегіз мемлекеттің «қара тізімнен» шығарылу себебі – аталған елдер өздерінің салық режиміне өзгертулер енгізуді ұсынған.

ЕО басшылары да осындай ұсыныс жасады, өйткені аталған юрисдикция өкілдері осы мәселеде ЕО талаптарын орындау үшін өздерінің салық ережелерін өзгертуге кепілдік берді, деп келтіреді агенттік.

Өткен жылдың желтоқсан айында ЕО «қара тізіміне» Американдық Самао, Бахрейн, Барбадос, Гренада, Гуам, Корея Республикасы, Макао, Маршалл аралдары Республикасы, Моңғолия, Намибия, Палау, Панама, Сент-Люсия, Самоа, Трининад Республикасы, Тобаго, Тунис, БАӘ енді.

Тағы 47 ел мен аумақтар «сұр тізімге» енді. Аталған елдер қатарына Түркия, Швейцария, Лихтенштейн, Сербия, Черногория, Македония, Албания, Босния және Герцеговина, Армения, Таиланд, Вьетнам, Гонконг, Уругвай, Перу, Марокко, Иордания енді және т.б енді.

Соңғы тізімнен аталған елдер салық режимдерін түзету бойынша ұсыныстар енгізгеннен кейін шығарылуы мүмкін.

«Қара тізімге» енген мемлекеттерге қатысты ЕО санкциялар қолдануға құқылы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз