Күрд әскерлері Африндағы қатал қақтығыстар туралы мәлім етті

0
95
Sputnik Türkiye

Күрд жауынгерлерінен құралған «Сирия демократиялық күштері» (SDF) түрік әскерімен Африндағы қатал қақтығыстар болғанын хабарлады.

Қақтығыстар Африн кантонының солтүстік-батысында Раджо ауданында жалғасуда. РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, күрд күштері 37 «түрік жауынгерлерін», екі брондалған көліктер мен әскери көлікті жойғандарын хабарлады.

«Сирия демократиялық күштері» қолбасшылығы аталған аймақтағы күрдтердің ұстанымына қарсы түрік артиллериялары әлі де шабуыл жасауды жалғастырып жатқандығын мәлімдеді. Бұдан өзге түрік ұшақтары жасаған шабуыл нәтижесінде 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 14 жараланған.

Қатал қақтығыстар Хамама ауданында да жалғасуда, мұнда күрд жауынгерлері «Самарқан» исламшыл батальонының қолбасшысы Файад әл-Халафтың көзін жойған.

Атап өтерлігі, 20 қаңтарда Анкара лаңкестер деп санайтын Африн аймағындағы күрдтерге қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясын бастады.Өз кезегінде, Сирияның Африн аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын Дамаск басқындық актісі ретінде қабылдайтыны бұған дейін мәлім болған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз