АҚШ КХДР-ға қатысты санкцияларды кеңейтті

0
79
дереккөзден

АҚШ сейсенбіде Солтүстік Кореяның әскери өнеркәсіп бөлімі басшылығының өкілдеріне, сондай-ақ Кореяның Еңбек партиясы Орталық Комитетіне санкциялар енгізді, деп хабарлайды ТАСС.

Қара тізімге «КХДР-дың жаппай қырып-жою қаруларын жасау, оны жеткізу, сонымен қатар БҰҰ ҚК-нің резолюциясын бұзғандары үшін» Солтүстік Кореяның әскери өнеркәсіп бөлімі басшысының орынбасары Ким Чен Сик пен Еңбек партиясы ОК басшысының орынбасары Ли Пхён Чхоль енді.

АҚШ Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Ким Чен Сик пен Ли Пхён Чхоль «Солтүстік Кореяның қару-жарақты жасап шығару бағдарламасында БҰҰ ҚК-нің резолюцияларына қайшылық танытуда басшылықта маңызды рөл атқарады». АҚШ қаржы минисрі Стивен Мнучин бұл қадам «КХДР-ды оқшаулап, Корей түбегінің ядролық қаруын толық жою үшін АҚШ тарапынан қысым көрсету мақсатында» жасалды деп түсіндірді.

С. Мнучиннің мәлімдеуінше, қабылданған санкциялар БҰҰ ҚК-нің жұма күнгі Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар енгізу туралы қарардың жалғасы.

Санкция енгізілгендерге АҚШ аумағына кіруге тыйым салынады әрі олардың америкалық банктердегі есепшоттары бұғатталады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз