АҚШ президенті алғаш рет Ауғанстанға барды

0
88
АҚШ президенті Дональд Трамп. Photo: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстанға барды. Оның сапары жайлы ақпарат алдын ала хабарланбаған. Трамп Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен кездесіп, Баграмдағы әскери базаға барды. Ол жақта президент әскерилерді Алғыс күнімен құттықтады.

АҚШ-та Алғыс күні қараша айының соңғы бейсенбісінде тойланады.

Әскерилер алдында сөз сөйлеген АҚШ президенті атысты тоқтатуға келісетінін айтып, “Талибан келісім жасағысы келеді” деді.

Ол бұдан соң асханаға барып, өзге офицерлермен бірге мерекелік дастарханға отырды.

Associated Press агенттігінің жазуынша, Ақ үй бұл сапарға дайындық жайлы ақпаратты жасырған.

Қыркүйек айында Кабулда жарылыс болып, 12 адам қаза тапқаннан кейін Трамп тәліптермен бейбіт келіссөзді үзген. Қаза тапқандар арасында бір Америка сарбазы болған.

Азаттық сайтының хабарлауынша, Трамп Ауғанстанға алғаш рет барып отыр. Өткен жылы Трамп Рождество қарсаңында Ирактағы АҚШ әскери базасына барған. Осы апта басында Ирактағы Американың әскери базасында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз