АҚШ Түркияға санкция салды

0
92

АҚШ президенті Дональд Трамп, Түркиядан сатып алынатын шикізат пен алюминийге арналған салықты екі есеге арттырғанын жариялады.

Бұл туралы Дональд Трамп Твиттер парақшасында мәлімдеді. “Мен Түркияға қатысты болат пен алюминий тарифтерін екі есе көбейтуге қарар бердім. Бұдан кейін түрік лирасы қуатты долларымыздың жанында құнын жоғалтатын болады. Қазір алюминий 20% және болат 50%. Қазіргі уақытта Түркиямен қарым-қатынасымыз көңіл көншітпейді!”, – деді ол.

2017 жылы Америка Құрама Штаттарына Түркияның болат экспорты 1 млрд долларды құрады.

Трамптың Tвиттердегі жазбасынан кейін түрік лирасы доллар, еуро және стерлингке қарсы рекорд жаңартты.

Доллар 6,87, ал еуро 7,77 лира болды, ал стерлинг болса 8,49 лирамен рекорд орнатты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз