АҚШ-та 20 жылға сотталған жиһадшы мерзімінен бұрын босап шықты

0
105
Джон Уокер Линд.

Бірнеше елде тыйым салынған “Талибан” қозғалысының содыры болған америкалық Джон Уокер Линд АҚШ федералдық түрмесінен 17 жыл қамауда отырған соң мерзімінен бұрып босап шықты. Бұл туралы Reuters хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Линдтің босап шығуын “ақылға сыймайтын ұят шешім” деп атады.

Линдке экстремистік материалдар оқуға, интернетте ағылшыншадан өзге тілде хат-хабар алмасуға, паспорт алуға, сондай-ақ АҚШ аумағынан шығуға тыйым салынған. Ол психологтың қабылдауына баруға міндеттеледі.

Линд АҚШ-та туып, жасөспірім шағында исламға қызыға бастаған. Араб тілін үйрену үшін Йеменге барып, артынша Пәкістанға аттанады. 2001 жылы ол Ауғанстанға көшіп, “Талибан” содырларының қатарына қосылған.

Америка күштері Линді 2001 жылдың соңында ұстаған. Ол түрмеде бүлік шығарып, ЦРУ қызметкері Майкл Спаннды өлтірген содырлар қатарында болған. АҚШ-та оған террористерді қолдау және адам өлтіру үшін алдын ала сөз байласу баптарымен айып тағылды. Линд 20 жылға сотталып, “жақсы тәртібі үшін” 17 жылдан соң босап шықты.

Линдтің босап шығуы біраз сынға қалды. Әсіресе Спанн отбасы бұған наразы болды. Содырлар қолынан қаза тапқан ЦРУ қызметкерінің қызы Элисон АҚШ президенті Дональд Трамптан Линдті босатпауды сұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз