АҚШ-та заңсыз мигранттар мәселесі Ақ үй мен штаттар арасындағы келіспеушілікке әкелді

0
15
фото: газета.ру

Техас билігі АҚШ президенті Байден әкімшілігінің де, Жоғарғы соттың да шешіміне құлақ аспай шекарада өз дегенін жасауда.

Бұл мәселе, президент сайлауына да тікелей ықпал етуі мүмкін.

Орталық билік пен жергілікті шенеуніктердің тартысы президент сайлауына нақты қалай әсер етуі мүмкін? Біріншіден, техастықтар заңсыз мигранттардың келуіне қарсы. Ал мұны бұрынғы президент Дональд Трамп сайлауалды науқан қарсаңында ұтымды пайдаланып жатыр.

АҚШ-та заңсыз мигранттар мәселесі бұрыннан бар. Жыл сайын “Американдық арман қуған” мыңдаған босқын Мексика жақтан заңсыз өтеді. Соңғы жарты жылдың өзінде 342 мың адам Құрама Штаттар аумағына келген. Ал одан шекаралас өңірлер қатты зардап шегеді. Сондықтан Техас штаты мұны тоқтату үшін Мексикамен арадағы шекараға тікенек темір сымдар тартып, босқындарды тұтқындай бастады.

Бірақ Байден әкімшілігі бұған бірден наразылық білдірді. «Шекара мәселесі федералды биліктің құзырындағы шаруа. Сондықтан Техас штаты оған заңсыз араласу арқылы конституция талабын бұзды» деп сотқа шағым түсірді.

22 қаңтарда Жоғарғы сот федералды билікті жақтап қаулы шығарды. Бірақ губернатор оған бағынбай, қоршауды күшейтуді жалғастырып жатыр.

25 қаңтарда Техас билігін, басқа штаттардың 25 губернаторы қолдап шықты. Олар Ақ үйді «көші-қон» заңын сақтамады деп айыптады. Олардың айтуынша, Байден әкімшілігі заңсыз мигранттарды кедергісіз өткізіп жатыр.

Өкілдер палатасының спикері, республикашыл Майк Джонсонның айтуынша, заңсыз көші-қон бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, шекарада дағдарысты жағдай қалыптасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз