АҚШ-тың Техас штатында жүк көлігінен 46 адамның денесі табылды

0
206
фото: tg/u_now

27 маусымда АҚШ-тың Техас штатында жолжағада тұрған жүк көлігінен 46 адамның денесі табылды. Бұдан бөлек 16 адам (4-і бала) жағдайы ауыр халде емханаға жеткізілген, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүк көлігінің ішіндегі адамдар ыстық өтуінен қайтыс болған. Себебі көліктің жүксалғышында ауа баптағыш пен су болмаған. Оқиға болған аймақта сол күні ауа температурасы 39,4 градус ыстықты көрсеткен.

Қайтыс болған адамдардың азаматтығы ресми түрде хабарланбаған. Алайда оқиға орнына Мексика консулдығының өкілдері келген. Ал, жүк көлігі тұрақтаған жер Мексика шекарасынан 943 км қашықтықта орналасқан.

фото: tg/u_now

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз