Amazon онлайн дәрі-дәрмек жеткізуді қолға алды

0
148

 Әлемде желілік гигант компания Amazon онлайн дәріханасын ашты. Енді АҚШ халқы рецепт бойынша 2-3 күннен кейін келетін дәрі-дәрмекті үйде отырып тапсырыс бере алады. 

Amazon сақтандыру полистерінің көбін қабылдайды, сақтандырылмаған алайда Amazon-нан премиум-аккаунт сатып алғандар да дәрі-дәрмектерге жеңілдік ала алады. Сонымен қатар олар премиум-аккаунттың артықшылықтарын қарапайым дәріханаларда да қолдана алады. Amazon бүкіл ел бойынша 50 мыңға жуық мекемені қамтыған.

Сондай-ақ Amazon компаниясы қарапайым дәріханаларды толығымен алмастыра алатынын мәлімдеді. Себебі олар тұтынушыларға онлайн-фармацевтердің кеңесін ұсынбақ. Бұл жаңалық дәстүрлі дәріхана желілерінің акциясын 9-12%-ға дейін арзандатып тастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз