Америкалық миллиондық лотерея билетін ұмытып кеткен

0
86

АҚШ-тағы Честерфилд қаласының (Вирджиния штаты) тұрғыны Джефф Кретцер өз үстеліндегі жәшіктен бірнеше миллиондық лотерея билетін тауып алды, деп жазады UPI.

Лотерея билетін сатып алғаннан кейін Кретцер оны үйіне алып келген, жоғалтып алмас үшін үстелдегі жәшікке жасырып қойған, кейіннен билет турасында ұмытып кеткен. Бір ай өткеннен кейін Кретцер үстелдегі жәшіктен аталған билетті байқап, ұтысқа тексермек болған. Ер адамның айтуынша, бастапқыда ұтыс саны төрт мың долларды көрсеткендей болған, дегенмен, билетті анық қараған сәтінде өзі көрген сомма қате екеніне көзі жеткен, аталған соммадан төрт есе артық  екенін байқағанда таңданысын жасыра алмаған. «Мен таң қалдым, бұл сәттегі сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын», – дейді азамат.

Ұтыс көлемі төрт миллион долларды құраған. Ал Кретцер билет сатып алған дүкен ұйымдастырушылардан он мың доллар алады.

Наурызда АҚШ-тағы Канзас штатында автобекеттің қызметкерлері миллион ұтысы бар лотерея билетін жоғалтқан азаматқа билетін қайтып бергендігі туралы хабарланған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз