Антальяда Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің келіссөзі өтті

0
355
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

10 наурызда Түркияның Анталья қаласында Ресей мен Украина сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Дмитрий Кулеба арасындағы келіссөз аяқталды. Оған Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу де қатысты.

Бұл соғыс басталғалы бері Мәскеу мен Киев арасында жүргізілген жоғары деңгейдегі алғашқы келіссөз.

Келіссөз бір жарым сағатқа созылды. Одан кейін министрлер баспасөз мәслихатын өткізді.

Анталья дипломатиялық форумы. Түркия, Анталья қаласы, 10 наурыз, 2022 жыл.

Келіссөзден кейін баспасөз жиыны кезінде Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келмегенін, Мариуполь тұрғындарына гуманитарлық дәліз ұйымдастыру мәселесі де шешілмегенін айтты.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың баспасөз брифингі тікелей эфирде әлі жалғасып жатыр.

Бұған дейін екі елдің арнайы делегациялары Беларусьте үш рет келіссөз үшін кездескен. Тараптар Украинаның кейбір қалаларында бейбіт тұрғындарға арнап “гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға” келіскен.

Ресей әскері Украинаға 24 ақпанда басып кірген. Украина жеріндегі шайқастарда мыңдаған адамның оққа ұшып, жараланғаны туралы мәліметтер шығып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз