Ұқсас жазба, оқи отырыңыз: Тілсіз қияпат
Жапонияның батысында нөсер жаңбырдың арты сұрапыл су тасқыны мен көшкінге ұласты. BBC агенттігінің хабарлауынша табиғи апаттан әзірге 126 адамның қаза тапқандығы белгілі болды.
Бұл жағдай соңғы 20 жылда болған апаттың ең үлкені екендігі айтылуда.
Құтқарушылар тобы үйілген батпақтарды қазып жатыр. Себебі әлі мәйіті де табылмаған адамдар бар.
Жұмыс орнын тасыған өзен суы басқан 2 миллионнан аса адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Әпкесі мен екі ұлы із-түссіз кеткен 38 жастағы тұрғын Косуке Кийохара отбасына “апаттың болатынын алдын ала ескерттім”, – дейді.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ халыққа демеу болу үшін шет елдерге сапарын әзірге тоқтатып қойды.