“Апаттың боларын алдын ала ескерттім”

0
122

Ұқсас жазба, оқи отырыңыз: Тілсіз қияпат

Жапонияның батысында нөсер жаңбырдың арты сұрапыл су тасқыны мен көшкінге ұласты. BBC агенттігінің хабарлауынша табиғи апаттан әзірге 126 адамның қаза тапқандығы белгілі болды. 

Бұл жағдай соңғы 20 жылда болған апаттың ең үлкені екендігі айтылуда.

Құтқарушылар тобы үйілген батпақтарды қазып жатыр. Себебі әлі мәйіті де табылмаған адамдар бар.

70 мыңнан аса құтқарушы тобы Жапонияның Батыс аймағына жіберілді

Жұмыс орнын тасыған өзен суы басқан 2 миллионнан аса адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Әпкесі мен екі ұлы із-түссіз кеткен 38 жастағы тұрғын Косуке Кийохара отбасына “апаттың болатынын алдын ала ескерттім”, – дейді.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ халыққа демеу болу үшін шет елдерге сапарын әзірге тоқтатып қойды.

Оқи отырыңыз: Елбасы Жапония халқына көңіл айтты.

12 мыңға жуық адам эвакуациялық орталықта өмір сүріп жатыр
Автомобильдер мен үйлер үйілген қоқыс пен балшықтың астында қалды
Мыңдаған үй топан судың кесірінен жарықсыз қалды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз