АҚШ Солтүстік Кореямен келіссөздерге дайындықты бастап кетті

0
38
дереккөзден

Вашингтон Солтүстік Кореямен тікелей диалогқа дайындықтың басталғанын ресми мәлімдеді. Сейсенбі 10 сәуірде Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт бірнеше америкалық ведомства қатысатын Пхеньянмен өтетін «пікірталас» туралы хабарлады, деп жазады dw.com.

Пхеньян соңғы айларда халықаралық деңгейдегі қатынастарға дайын екендерін хабарлап келеді. Солтүстік Корея басшылығы наурызда Ким Чен Ын мен Дональд Трамптың екіжақты кездесуін өткізу туралы ұсыныс тастады. 9 наурызда АҚШ президенті келіссөздер «мамырда немесе маусымда өтеді» деп хабарлады. Өз кезегінде Корей Халықтық Демократиялық Республикасы (КХДР) АҚШ-пен алғаш рет Корей түбегінде ядросыз аймақ құру туралы мәселені талқылауға ниетті екендерін жеткізді.

27 сәуірде КХДР және Оңтүстік Корея басшылары Ким Чен Ын және Мун Чжэ Инның қатысуымен саммит өтеді деп күтілуде. Аталған кездесу Пханмунджон аймағында өтеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз