Араб коалициясы Йеменге блокаданы әлсіретті

0
65
дереккөзден

Араб коалциясы Йеменнің Ходейда портынан шектеуді алып тастады.

Саудия бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Қызыл теңіздегі айлақ бүгін жұмысын қалпына келтіреді, деп хабарлайды Хабар -24.  Оны төтенше гуманитарлық көмек көрсету үшін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, төтенше гуманитарлық көмекке 20 млн йемендік мұқтаж. Бұған дейін БҰҰ-ның қысымынан кейін әскери альянс Адена айлағына қатынауға шектеуді алып тастады.

Еске салсақ, Сауд Арабиясы басқаратын коалиция қарашаның басында Йеменге толық шектеу жариялап, теңіз, әуе және құрлықтаға шекараларды жапты. Мұндай қадамға Йемен тарбының Эр-Риядты зымыранмен атқылау себеп болды.

Сабина Сайлаубай

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз