Армения басқарудың жаңа формасына көшті

0
328
/News.am/Армения президенті Армен Саркисян

9 сәуірде Армения Республикасы 2015 жылғы Армения Республикасы Конституциясында қабылданғандай, толығымен парламенттік басқару формасына көшті. Бұл туралы Арменияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Билік енді парламент пен үкіметтің қолына шоғырланады. Үкімет басшысын басқарушы партия немесе басқарушы коалиция тағайындайды.

Армения Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес, бүгін Серж Саргсянның президенттік лауазымы тоқтатылды.

Өз кезегінде Парламенттің дауыс беру нәтижесінде президент лауазымына тағайындалған Армен Саркисянның Армения Республикасының президенті лауазымы күшіне енді. Жаңа президент бүгін 9 сәуірде парлfменттің арнайы отырысында республика халқының алдында ант қабылдады. Осылайша, президентті ұлықтау рәсімінен кейін Армения ресми түрде парламенттік басқару формасына көшті.

Бұған дейін Армения президенттік басқару нысанындағы мемлекет болды. Мемлекет басшысы 5 жылға тағайындалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз