Астанада Ислам әлемінің ғалымдары марапатталды

0
317

Бүгін Астанада өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бірінші ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам әлемінің үздік ғалымдарына ғылым мен технология саласындағы жетістіктері үшін ИЫҰ саммитінің арнайы мараппаттарын табыстады.

Ғылым мен технологияның дамуына үлес қосқан Ислам әлемінің ғалымдарын Қазақстанның арнайы сыйлығымен марапаттауды ұсынғанын алға тартқан Елбасы бүгінгі саммитке ИЫҰ Бас хатшысымен бірге әлемнің үздік ғалымдарын таңдап, шақыртқанын атап өтті.

Жалпы есепте Ислам әлемінің үздік ғалымдары ретінде 5 ғалым марапатталды. Алғашқы болып марапатталған Стамбұл техника университетінің химия факультетінің профессоры, атақты академик – Юсуф Якчы. Оның зерттеулері синтетикалық полимерлі химия саласына тікелей байланысты. Келесі марапат иесі Абдолла Король атындағы технология универсиетінің профессоры – Мұхаммед-Слим Алоуини. Ол электротехника саласында маңызды зерттеу еңбектерін жүргізген. Гамбиялық медицина зерттеу орталығының аға менеджері Ассан Жайе де атаулы марапатқа ие болды. Ассан Жайе медицина саласына елеулі үлес қосқаны үшін аталған марапатты иемденді. Арнайы сыйлыққа ұсынылған Мұхаммед V атындағы университеттің профессоры Райя Чиркаоуи әл Мүрсли – Мароккодағы Мұхаммед V атындағы университеттің зерттеу, ынтымақтастық және әріптестік бөлімінің вице-президенті, оның зерттеу еңбектері ядролық физика саласына тікелей байланысты. Сонымен қатар, қазақстандық биотехнология ұлттық орталығының бас директоры Ерлан Рахманқұлов та атаулы марапатқа ие болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз