Ауғанстанда құлаған ұшаққа АҚШ-тың қандай қатысы бар?

0
125
Photo: samchui.com

27 қаңтарда Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ АҚШ әскери әуе күштеріне тиесілі екені хабарланды. Bombardier ұшағының әскери мақсаттағы техника екенін Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы хабарлады.

Бұған дейін оның жолаушылар ұшағы екені айтылған.

Кейіннен Пентагон Ауғанстанның Ғазни провинциясында құлаған ұшақта бірнеше әскери қызметкер қаза болғанын растады. Reuters агенттігі Bombardier E-11A ұшағы тәлібтер бақылауындағы аумаққа құлағанын, оны атып түсіргенін тәлібтер мойнына алғанын хабарлаған.

AFP агенттігі Bombardier E-11A ұшағы әскер, барлау және ұшқышсыз ұшақтарды басқаруға арналған мобильді торап қызметін атқарған. Кей деректер АҚШ-тың бес, кейбір деректер 10 әскери қызметкері өлгенін айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз